Сағынтаев оқыту сапасын жақсарту мәселесінде ауылға акцент қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауының төртінші үлкен бағытын іске асыру үшін Білім министріне бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.