Жасы келген елшілердің барлығы қызметінен босатылады - Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жасы келген елшілердің барлығы қызметінен босатылып, олардың орнына жаңа елшілер тағайындалатын болады». Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамымен кездесу кезінде мәлім етті.