Қырғызстанда Конституцияға өзгеріс енгізу жөнінде референдум өтті
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырығызстанда жергілікті сағат 18-00-дегі мәліметтер бойынша, конституциялық референдумда сайлаушылардың 30,41 пайызы дауыс берді. Осыған байланысты референдумды алдын ала талапқа сай өтті деп бағалауға болады, деп хабарлады Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің Бішкектегі меншікті тілшісі хабарлады.