ОҚО: Мақтаралдықтар жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде 3 есе мол өнім алып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мақтарал ауданында соңғы үш жылда жерді терең қопсыту технологиясы 30 мың гектарға енгізіліп, нәтижесінде шаруалар 2-3 есе көп өнім алуда. Бұл Тәуелсіздік жылдарындағы халықтың жеткен жетістіктері. Бұл туралы Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Исмаилов Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.