Астанада Хайвил кешенінің жанындағы құдықтың люгін басып қалсаң ашылып кетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Инстаграмдағы vastane.kz тобында осындай бейнеролик жарияланды. Топқа жазылушы жіберген видеода Астанадағы Хайвил тұрғын үй кешенінің Тәуелсіздік көшесі жағынан жерасты коммуникациялық желі құдығының шойын қақпағы басқан кезде ашылып кететіні көрсетілген.