Сейсенбіде еліміздің солтүстігінде күшті жел болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 қарашада еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, республикамыздың солтүстік және батыс аумақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, солтүстік облыстардың кей жерлерінде күшті жел болады, деп хабарлайды Қазгидромет.