Имашев Халықаралық қазіргі заманғы бессайыс одағының вице-президенті болып сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франкфурт қаласында (Германия) Халықаралық қазіргі заманғы бессайыс одағының (UIPM) 68-ші есептік-сайлау Конгресі өтті. Аталған Конгресте Қазақстан Республикасы UIPM Атқарушы комитетінде жоғары тағайындауға ие болды. Атап айтқанда, ҚР ҰОК Атқарушы комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Қазіргі заманғы бессайыс федерациясының президенті Берік Имашев Халықаралық қазіргі заманғы бессайыс одағының (UIPM) вице-президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.