Француз қызы қазақ тілінен диссертация жазып жүр
АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube желісіндегі «Kuan 7777» арнасы Ұлыбританияның Лондон қаласында тұратын француз Надежда Кристофер туралы бейнебаянды жариялады. Докторант Н.Кристофер қазақ тілінің синтаксисіне арналған ғылыми жұмысын жазып жүр. Өзі де қазақ тілін біледі. Бүгінде ол Қазақстанда тағы барсам екен деп, армандап жүр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.