4 пайыздық автонесие бағдарламасы жалғаса ма
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындары одағының басқарма төрғасы Олег Алферовтың айтуынша, өткен айда жеңілдікпен автонесие алуға арналған мемлекеттік бағдарламаның екінші траншы игерілді. Жалпы, аталған бастама аясында Ұлттық қордан 26 млрд.теңге бөлініп, 8 мыңға жуық Қазақстан азаматы 4 пайыздық несиемен жеке көлігін сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.