Шымкенттегі ағаштар қар салмағын көтере алмай құлап жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкенттің көптеген аудандарында омбы қардың салмағын көтере алмаған ағаштар құлап жатыр. Ағаш астында қалған кейбір автокөліктерге зақым келді. Абырой болғанда ешбір адам зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат otyrar.kz сайтына сілтеме жасай отырып.