Астанада Республика даңғылы жартылай жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазанның 10-ы мен 31-і аралығында қосымша жол салу жұмыстарына байланысты Республика даңғылының Ағыбай батыр көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі бөлігінде (Диона дүкенінің алдында, Ағыбай батыр көшесінен А.Иманов көшесіне дейін) көлік қозғалысы жартылай шектеледі.