БҚО-да 12 жасар оқушы асылып қалды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жаңақала аудандық ішкі істер бөліміне 23 қыркүйек күні кешкі сағат 20.30-да Жаңажол ауылдық округінен 2004 жылғы жасөспірімнің өз үйінің ауласындағы гаражда асылып қалған күйінде табылғаны жөнінде хабар түскен.