ОҚО-да республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 846 шақырымды құрайды. Оның 420 шақырымы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізі. Бүгінде бұл халықаралық жолдың 236 шақырымы пайдалануға берілген. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазавтожол» ұлттық компаниясы АҚ ОҚО бойынша филиалының басшысы М.Дүйсембеков мәлім етті.