Астанада Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының күндері өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» акциясы аясында өңірлер күндері жалғасады. 17-18 қыркүйекте «Хан шатыр» СОО жанында Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының тауар өндірушілерінің жәрмеңкелері өтеді. Сонымен қатар, бұл күндері өңірлердің мәдени шаралары да ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.