Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күні кеше елімізде ең басты кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Нақты айтқанда, 2 мәрте елімздің Үкімет басшысы болған Кәрім Мәсімов Елбасы Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне кірісті. Ал Премьер-Министрі лауазымына Бақытжан Сағынтаев келді. Мұнан бөлек те еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында тағайындаулар жүргізілді. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.