Корея түбегіндегі шығандаған шырғалаң
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ядролық қарудың адамзатқа келтіретін қасіретін сөзбен айтып жеткізу қиын. Қазақстан әлі күнге оны өз басынан кешуде. Тек сынақ үшін ғана жарылған қарудың өзі Семей полигоны аймағының халқы мен экологиясына, өшкеніне 25 жыл болса да, әлі зардабын тигізуде, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті сенбі күнгі санында.