АУА РАЙЫ: 16 тамыз күні еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай байқалады, солтүстік-батыста, шығыста және орталығында ауа-райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Республиканың солтүстігінің кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.