«ҚазАгро» холдингі шетелдік тікелей инвестициялар қорын құруды көздеп отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Салаға қосымша инвестициялар тарту мақсатында, «ҚазАгро» Холдингі тікелей инвестициялар қорын құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы республиканың АӨК-не шетелден тікелей инвестициялар тарту тақырыбындағы брифингіде «ҚазАгро» холдингінің басқарушы қаржы директоры Бану Ерғалиева мәлім етті.