Қызылордалық полицейлер Алматыда болған атыста қаза тапқан әріптестерін еске алды (ФОТО)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлері, Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімі, Шекара қызметінің 2219 әскери бөлімі департамент жанындағы Тағзым алаңында жиналып, 18 шілдеде Алматы қаласында орын алған атыста қаза болған әріптестерін еске алды.