Е.Досаев Қазақстанның инвестициялық қорының Директорлар кеңесін басқарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшысы Ерболат Досаевтың төрағалығымен холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.
Отырыстың күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Мәселен, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Ерболат Досаев сайланды. Сонымен қатар Директорлар кеңесінің комитеттерінің құрамы сайланды.