ШҚО-да туристер үшін киіз үй түріндегі қонақ үйлер салынады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында туризм саласын дамыту бойынша жоспар жаңа сала - этнотуризммен толықты. Этнотуризмді дамытудың аймақтық жоспарына киіз үй үлгісіндегі ұлттық нақыштағы қонақ үй, арнайы жабдықталған тамақтану нысандарын салу сынды шаралар енгізілмек.