Қызылордада алғаш рет су асты балық аулаудан Қазақстанның ашық чемпионаты өтеді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 15-16 шілде күндері Қызылорда облысы, «Қамбаш» көлінде су асты балық аулаудан Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтеді. Алғашқы мәрте өткізілетін жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен балықшылар қатысады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.