13 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 шілдеде Қазақстанның аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшеюі күтіледі. Тек солтүстік-шығыс, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын -шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.