Сирияға кетуді жоспарлаған 12 ақтөбелік 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ДАИШ террористік ұйымының құрамында қарулы қақтығыстарға қатысу үшін Қазақстаннан Сирияға заңсыз өтпек болған 12 ақтөбелік сот үкімімен 6-8 жылға бас бостандығынан айырылып, мүліктері тәркіленді. Үкім бүгін Ақтөбе қаласының №2 сотында шығарылды.