Қазақ спортшыларының Риода қай күні жарысқа шығатыны белгілі бола бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының басталуына 24 күн қалды. Уақыт жақындаған сайын қай спорт түрінен жарыс қай күні өтетіні де белгілі бола бастады. Бүгін қазақстандық дзюдошылардың қай күні жарыс алаңына шығатыны белгілі болды. Біздің татами шеберлері алғашқы жарысын тамыздың 6-сы күні бастайды.