Түйнеме диагнозы расталған екі шығысқазақстандық науқастың жағдайы қанағаттанарлық
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Түйнеме диагнозы расталған Жарма ауданы Қалбатау ауылының екі тұрғынының жағдайы қанағаттанарлық. Науқастар тиісті медициналық емдік шараларын уақытында қабылдап жатыр. Бірнеше күннен кейін олар емдеу мекемесінен шығарылады. Олар шамамен 15 күндей дәрігерлердің қарауында болмақ.