Былтыр орман өртінен келген залал 119,04 млн. теңгені құрады - А.Мырзахметов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр орман өрттерінен келген залал 119,04 млн. теңгені құрады. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Алматы облысындағы есептік кездесуінде осылай мәлім етті.
Министрдің айтуынша, 2015 жылы мемлекеттік орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 476 орман өрті тіркеліп, 9 614,2 гектарды жалын шарпыған.