Қазақстан мен Қытай СІМ ынтымақтастықты дамытудың басымдық берілген мәселелерін жан-жақты талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов кеше Алматыда Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында бірқатар салалар бойынша қазақ-қытай ынтымақтастығын дамытудың басымдық берілген мәселелері жан-жақты талқыланды.