Халықаралық KFC Футбатл фестивалі Алматыдағы ең жарқын спорттық жобаға айнала алады - Н. Нұров
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда бүгін тұңғыш рет өткізіліп жатқан Халықаралық KFC Футбатл фестивалі болашақта қаладағы ең жарқын спорттық жобаға айнала алады. Бұл туралы бүгін осы фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі алдында өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наиль Нұров мәлім етті.