Сенегал президенті Павлодардағы Қазақстан электролиз зауытына барды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Сенегал Республикасының президенті Маки Салл Павлодар қаласындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-на барды, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен. Мәртебелі мейманды облыс әкімі Болат Бақауов пен «ERGS.a.r.l» басқарма төрағасы Александр Машкевич, алюминий және электролиз зауытының басшылары алып жүрді.