Алматыда Халықаралық KFC Футбатл фестивалі басталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда Жарылғапов атындағы стадионда Халықаралық KFC Футбатл фестивалі басталды. Оған Алматы қаласының аулалық әуесқой футбол командалары қатысуда. Барлығы - 76 команда өнер көрсетіп жатыр. Олардың ішінде 38 команда - 14-16 жас, қалған 38 команда - 17-21 жас аралығындағы жастардан құралған. Әр командада 7-10 ойыншыдан бар. Әр матч 7 минуттан екі тайм ойналады. Алаңда әр команда сапында 1 қақпашы және 4 ойыншы өнер көрсетеді.