KSAC-тың 5-ші құрылтайында жастардың «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыруға қатысуы туралы меморандум жасалды (ФОТО)
БЕЙЖІҢ-ЧУНЦИН. ҚазАқпарат - 14 мамырда ҚХР-дың Чунцин қаласында Қытайдағы қазақстандық студенттердің 5-ші мерейтойлық құрылтайы болып өтті. Аталған шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Оған Қытайдың Бейжің, Шанхай, Ухань, Сиань, Үрімші, Нанкин, Гуанчжоу және Чунцин сияқты қалаларында білім алып жүрген 150-ден астам студент қатысты.