Ақтау білім бөлімінің бұрынғы басшылары бюджеттен 500 млн теңгеден астам ақшаны ұрлаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық бюросының Маңғыстау облыстық департаменті Ақтау қ. білім бөлімінің бұрынғы басшылары Н.Құрманбаев пен С.Құрманғазиеваның жалпы сомасы 586 млн. теңгені құрайтын «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты қалталарына басқан, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызөметінен.