Талдықорғанда фельдегерлік қызметтің басшысы жұмыста істемейтін маманның жалақысын жымқырған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Ұлттық бюроның Алматы облысы бойынша департаменті ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес Талдықорған қаласында Мемлекеттік фельдегерлік қызмет басқармасының басшысы А.Новаевтың ауыр жемқорлық құқық бұзушылық жасауына септігін тигізген себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсыным берді.