Қызғаныштан бұрынғы әйелін атып өлтірген тұрғын 18 жылға сотталды - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Болат Жақыпов ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлімімен (қаруды, оқ-дәрілерді сақтау, тасымалдау және алып жүру), 99-бабы 2-бөлімі 5-тармағымен (аса қатыгездікпен адам өлтіру) айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды.