Лондонда британдықтардың 19-ғасырдағы Шығыс Қазақстанға саяхаты туралы кітап таныстырылды
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Лондондағы «Бернард Шапиро» сирек кітаптар орталығында британдық жазушы және журналист Н.Филдингтің «Ұлы Даланың оңтүстігіне. Томас және Люси Аткинсондардың Шығыс Қазақстанға 1842-1852 жылдардағы саяхаты» кітабының таныстырылымы болды, деп хабарлады ҚР-ның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігіндегі елшілігінің сайты.