10 ақпан күні республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 ақпан күні фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республика бойынша жауын-шашын, оңтүстік-шығыстың тауларында қатты қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.