Америкада «екінші Ганнибал Лектер» түрмеден қашып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы америкалық теңіз жаяу әскері, иран тумасы Хусейн Найери екі сыбайласымен бірге Калифорнияда түрмеден қашып кетті. Қашқындардың ісін тергеуші прокурор 37 жастағы Найериді "екінші Ганнибал Лектер" ("Молчание Ягнят" фильміндегі маньяк) деп атады.