«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде партияның жаңа сайлауалды тұғырнамасы бекітілетін болады - Қ. Жұмашев
АСТАНА. ҚазАқпарат -«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі тарихи маңыздылығымен ерекшеленетін болады. Бұл туралы бүгін партияның Астанадағы Орталық аппаратында өткен брифингте «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Қаныбек Жұмашев мәлім етті. Еске сала кетейік, партия Елбасы Төрағасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі 29 қаңтарға шақырылған болатын.