Ақтөбелік азамат 7 келі есірткі сатып жатқан жерінде қолға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының есірткіге қарсы күрес басқармасының полицейлері Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағы сарбаздарымен, сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, Мұғалжар ауданы Жем қаласының аумағында «Өрмекшінің торы» атты жедел алдын алу шарасын өткізді. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.