Қ.Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы қызметіне тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.