Жекешелендіру аясында саудаға 421 нысан шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырудың 2014-2015 жылдарға арналған кестесіне сәйкес сатуға 831 объекті шығару жоспарланған. Осыған орай, 2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың желтоқсан айының арасында 492 нысан жекешелендіруге жатқызылды. 2015 жылдың 22 желтоқсандағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 421 объекті шығарылды. Оның ішінде 233 нысан сатылды, бұның 12-сі - республикалық меншік бойынша, 110-ы - коммуналдық меншік бойынша, 61-і әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар меншігіндегі, 50-і - холдингтер бойынша нысан болып отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.