Халықаралық ғылыми-техникалық орталық Қазақстандағы өз қызметін жалғастырады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың Қазақстандағы өз қызметін жалғастыратындығы туралы келісімге қол қойылды. Аталған құжатты Қазақстан тарапынан еліміздің білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов рәсімдеді.