Мәжілісте экономикалық баптарды қылмыссыздандыруға қатысты құжат таныстырылды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат таныстырылды.