Су тасқыны болған аймақтарда 253 әйел босанды – ҚР ДСМ
АСТАНА. KAZINFORM – Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 66 медициналық пункт жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева айтып берді. Оның айтуынша, су басқан өңірлерде бүгінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар қоры жеткілікті.