Қазақтың көк туының астында жұдырықтасқым келеді – қытайлық боксшы
Бейжің. KAZINFORM – Бар арманым болашақта ата-жұртым Қазақстанға оралып, қазақтың көк туының астында жұдырықтасқым келеді. Қытай астанасы Бейжің қаласының бокс мектебінде тәрбиеленіп жатқан қандас Пейіл Шапағатұлы осылай дейді.