Қазақстан экологиялық тиімділік рейтингінде қай елдерден артта қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан кейінгі жылдары 180 елдің арасында экологиялық тиімділік рейтингінде 93-ші орында тұрақтап, Намбия, Габон және Зимбабве сияқты елдерден артта қалды. Біздің еліміз жасыл желекке бөленген елдер рейтингінде 78 елдің ішінде 72-ші орында. Сенатор Советбек Медебаев өзінің депутаттық сауалында ауаның, судың және топырақтың шамадан тыс ластану проблемаларын жария етті.