Алматыдағы үш үлкен саябақ жөндеуден өтеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Биыл Алматыда Тұңғыш Президент саябағын, «Атакент» мәдени орталығының аумағын және «Южный» саябағын қайта жаңғырту және абаттандырудың жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті.