Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы Абай саябағындағы «Бейнелеу өнері» мұражайында 24 қараша күні сағат 10:00-де бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Асылжан Жамалбеков мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.