Бокс: Ағайынды Жайлауовтар Кемптон Паркте өтетін жекпе-жекке әзірлік үстінде (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсанда Оңтүстік Африка Республикасындағы Кемптон Парк қаласында кәсіби бокс кеші өтеді. Онда 21 жасар Роман Жайлауов өз салмақ дәрежесі бойынша жеңіліске ұшырамаған конголық былғары қолғап шебері 22 жастағы Пол Камангамен кездеседі.